«Келесі жылдан бастап халықты отандық жанармаймен қамтамасыз етеміз»

/uploads/thumbnail/20170821171508294_small.jpg

Атырау мұнай өңдеу зауыты және Павлодар мұнай-химия жетілдіру жобасы аяқталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Келесі жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жетілдіру жұмысы аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеген болатын.

«Мұнай өңдеу зауыттарын жетілдіру біткен соң, мұнай өңдеу көлемі 14,5 млн. тоннадан 17,5 млн. тоннаға артады. Жанармай, жағармай, авиакеросин сияқты мұнай өнімдерінің өндірісі көбейеді. Біз келесі жылдан бастап елдің ішкі сұранысын отандық мұнай өнімдерімен толықтай қамтып, импорттық жанар-жағармайға тәуелділіктен құтыла бастаймыз», – деді Бозымбаев журналистерге берген сұхбатында.

 

 

Оставить комментарий

Связанные Статьи