Қазақстан шахталарына адамның орнына роботтар түсуі мүмкін

/uploads/thumbnail/20170821173525770_small.jpg

Бүгін үкімет үйінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында берген тапсырмасын орындауға байланысты технологиялық жаңғырту бөлімі бойынша баспасөз мәслихаты өтті деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі  ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, еліміз Индустрия 4.0 технологиясына көшу процесі әлем бойынша әлі бастапқы кезеңде келеді. Дамыған және тез дамушы елдердің басым көпшілігі өздерінің ұлттық цифрлы трансформация стратегияларын тек соңғы 3-4 жылда ғана іске асыруға кірісті (Германия 2011 жылы, АҚШ – 2012, Жапония, Қытай, Еуро одақтың басқа да елдері – 2014-2015 жылдары қабылдады). Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Индустрия 4.0 аясында әзірге бәрі толық өзгеріп кетеді деген түсінік жоқ. Өнеркәсіптердің жаңа стандартқа түбегейлі көшуі алдағы 10-15 жылға болжанып отыр.

«Бізде бұл процестен қалмаудың мүмкіндігі бар. Мұндағы мәселенің барлық қиындықтарына қарамастан, біз Индустрия 4.0 технологиясы Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер әкелетінін көріп отырмыз. Соның ішінде тиімділікті арттыру, жаңа бизнес пен экспортқа бағытталған өндіріс құру мәселелерін айтуға болады», – деп атап өтті ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Министрлік жыл басынан бері тиісті шараларды әзірлеуде белсенді жұмыстар атқарып келеді.

«Биыл қыркүйек айында халықаралық сарапшылармен бірге өнеркәсіптердің Индустрия 4.0 технологиясына өтуге дайындығының техникалық талдауын аяқтаймыз. Ал жыл соңына қарай 2025 жылға дейін Индустрия 4.0 элементтерін енгізу бойынша Үкімет қаулысына сәйкес қадамдық жоспарды қабылдаймыз», – деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар министрлік ERG, KazZinc, ArcelorMittal, Қазақмыс және басқа да жүйеқұраушы ірі компаниялармен жұмыс жүргізіп келеді.

«Бүгінгі таңда аталмыш кәсіпорындар өздерінің цифрлы жаңғыру жоспарларын дайындап, «ақылды кеніш» сияқты бағдарламаларын іске асыруға кірісіп кеткенін атап өткен жөн. Онда барлық деректерді талдау,  алдыңғы қатарлы датчиктер мен сенсорлар, интеграцияланған ақпараттық жүйелер (ERP, MES), роботтандыру операциялары сияқты тағы басқа да технологиялар енгізілетін болады. Мысалы, ERG компаниясы алдағы 7-8 жылда шамамен 800 млрд. теңгенің цифрландыру жобасын инвестициялауды жоспарлап отыр», – деп мәлімдеді министр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи