21 тамызда Анталиядағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 20 турист зардап шеккен болатын. Оның бірі 38 жастағы қазақстандық азамат болып шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов хабарлады.
«21 тамызда Анталия-Кемер бағытындағы тас жолда тіркелген жол-көлік оқиғасынан 1979 жылғы қазақстандық азамат зардап шекті. Ол қолынан жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Оған жедел жәрдем көмегі көрсетіліп, жарақат алған қолы тігілді. Қазақстандық дипломаттар зардап шегушімен байланыс ұстап отыр. Оның жағдайы жақсы. Ауруханада қалдыру қажеттілігі туындаған жоқ. Ол демалысын жалғастыруда», - деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.
Оставить комментарий