Венесуэланың солтүстігінде толассыз жауған жаңбыр салдарынан 4 адам көз жұмды. Тағы бірнеше адам із-түссіз жоғалып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Табиғи апаттан 1 әйел мен 3 ер адам қайтыс болды. Ал жоғалғандардың саны әзірге белгісіз.
Із-түссіз жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оставить комментарий