Қапшағай жасанды су қоймасының жағалауында 150-ден астам демалыс базалары орналасқан. Жаздыкүні шомылу науқанының басталуымен Қапшағай қаласының тұрғындар саны үш есеге ұлғаяды. Бұл орындар және олардың ұсыныстары туристердің қалауы мен жағдайына қарай алуан түрлі болып келеді.
Қапшағай жасанды су қоймасының жеке кәсіпкерлікке өтпеген аймағында демалушыларға әкімшілік тарапынан жасалған жағдай расымен көңіл қуантады. Қала әкімдігі қолға алған іс жақсы нәтижелерін көрсетті. Арнайы көліктұрағы, қазақ үйлер, балаларға арналған ойын алаңқайлары жасалған.
Жекеменшік демалыс аймақтарының орналасуы мен қызметі жақсы болғанымен, бағасы шарықтап тұр. Қарапайым халықтың қалтасы көтеретін демалыс аймақтарына келер болсақ, қойылған бағасына сапасы сай келмейді, сылап-сипап жасай салған шала-жансар тірлік қана.
Бір отбасына тәулігіне демалу құны 45000 тг болатын «MoreLux» демалыс орнын басқа демалыс орындарымен салыстырып көрелік. Жағалауға 1 минутта жетуге болатын құмды жағажайы бар, суда жүзу спортымен айналысуға қолайлы жағдай жасалған, ашық жүзу қауыздары және финдық сауна, шезлонгті террасасы, бильярд және стол теннисі бар. Қонақүй бөлмелері кондиционер, тегін Wi-Fi-мен, спутниктік телеарналармен жабдықталған. Баянбай Төлеген есімді келушінің айтуы бойынша, қонақ үйдегі тазалық, қызметкерлердің сыпайылығы, мейрамханадағы тағамдардың дәмділігі қонақүй қызметінің бағасына тұрарлық.
Ал, «Алекс» демалыс орнына кіру құны адам басына 500 тг, оның өзінде белгіленген нақты орын жоқ. Келушілер бос жерге барып, төсеніштерін төсеп демала береді. Бірақ күнұзаққа шектен тыс қабылданған күн көзі денсаулыққа кері әсерін тигізуі әбден мүмкін. Төбесі жабық тапшандандар көлемінің үлкендеуіне қарай бес мыңнан жиырма мың теңгеге дейін жалға беріледі. Көлік демалыс аймағына кіргізілмейді. Демалыс аймағының тазалығы, судың тазалығы жайында айтар болсам, көп жағдайда сапасы сын көтермейді. Қонақтарға көрсетілетін қызмет келушілерді демалыс аймағына кіргізіп жіберумен ғана шектеледі.
Аталаған демалыс орнына келушілердің бірі аймақтың қызметіне разы емес екенін жеткізді. Оның себебі келушілер аймаққа кірер кезде де, тапшандарды жалдау үшін де ақша алатындарын айтты. Соған қарамастан киіз үйлердің жағдайы мәз емес. Қаладағы күйбең тіршіліктен бір сәт демалуға келетін қонақтардың жағдайы дұрыс жасалмаған.
Осыдан шығатын қорытынды: қонақүйдің бағасы қаншалықты қымбат болса, соншалықты көрсетілетін қызмет те сапалы болады. Алайда оған екінің бірінің қалтасы көтере бермейтіні анық. Бурабайда демалыс ақысы шетелде демалумен салыстырғанда тым қымбат деп бағалап жүрген отандастарымыз ендігіде Қапшағай демалыс орындарының бағасына наразылық танытпасына ешкім кепілдік бере алмайды.
Айта кететін жайт, қала тұрғындары мен қонақтар арасында танымалдылыққа ие демалыс орнының бағасы мен сапасына қарамастан келушілердің қатары азайған емес.
Кейінгі жылдары Қапшағай су қоймасының демалыс базаларындағы жағдайды жақсартып, қызмет түрлерінің сапасын арттыруға Әкімшілік тарапынан күш салынып жатыр. Бағасына сапасы сай қызметті алдағы уақытта еліміздің барлық демалыс орындарына көрсек дейміз.
Келешекте Қапшағай қаласының аумағында жобалық атауы «Жаңа Іле» болып келетін ірі туристік орталық және ойын-сауық қалашығының құрылысы жоспарлануда.
Гүлім Лепесбай
Оставить комментарий