Жапонияда екі жүк кемесі суға батып кетті

/uploads/thumbnail/20170822133809655_small.jpg

Жапонияның Нагасаки перфектурасында екі жүк кемесі суға батып кеткен деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.

Нәтижесінде екі адам із-түссіз жоғалып, бір адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

 "Аои-мару-8"  су сыйымдылығы 1300 тонна болатын  жүк кемесіне құм толтырылған болатын. Аталған кемені "Аои-мару-6"  бортында 6 адамы бар  98 тонналық жүк кемесі итеріп , артынша екеуі де суға батқан.

Төрт адамды құтқаруға мүмкін болды.  Ал экипаж мүшелерінің тағы екеуі табылмаған. Құтқару қызметі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи