Атырау облысы Сағыз ауылында 20 тамыз күні суға батқан 34 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мой Город мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Келеңсіз жағдай 20 тамыз күні сағат 17.25 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында орын алған.
Ер адам тыйым салынған жерде суға түскен. Ал марқұмның денесін жергілікті тұрғындар тапты.
Айта кетсек, жаз басталғалы Атырауда суға түсіп 14 адам көз жұмды.
Оставить комментарий