Алматы әуежайында алты Сирия азаматы жалған құжатпен ұсталды

/uploads/thumbnail/20170822134810259_small.jpg

«Алматы» шекара бақылауы бөлімшесінің жасағы «Тегеран - Алматы» бағытындағы рейстен Сирия Араб Республикасының алты азаматын ұстады деп хабарлайды Qamshy.kz  ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Олар тексеруге Болгария Республикасы азаматтарының төлқұжаттарын ұсынған.

Алты азамат Қазақстан Республикасының аумағын Еуроодақ елдеріне шығу мақсатында транзит ретінде пайдаланбақшы болған. Ұсталғандар туралы  құқық қорғау органдары мен өзара әрекет етуші органдар өкілдеріне хабарланды.

Еске сала кетейік, кеше «Астана» шекара бақылауы бөлімшесінің қызметкерлері Астана-Лондон рейсінде тексеруге Болгария азаматының құжатын тапсырған сириялық екі азаматты анықтады.  

Оставить комментарий

Связанные Статьи