NASA 5 жастағы баланың хатына жауап берді

/uploads/thumbnail/20170822135734736_small.jpg

Америкалық NASA ғарыш агенттігіне «зымыран сызбасын» жолдаған бес жастағы Идрис Хилтон хатына жауап келетінін тіпті де күтпеген еді. Алайда, атағына ат үркетін агенттіктегілер «өзінің болашақта автронавт болғысы келетін, ғарыш ұшуды армандаған» балақай меселін қайтармай, қайыра хат жазуды жөн санаған екен деп жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі muslim.kz сайтына сілтеме жасай отырып сілтеме жасай отырып.

Мамандар оның жасына қарамастан бойындағы ерекшелігін аңғарып, арманын орындауға көмектесетіндерін жеткізген. Бұл үшін тек балақай оқуын ойдағыдай аяқтап, ғылым жолына берілсе болғаны.

Идристің әкесі Джамал Хилтон ұлының бұл жетістігін әлеуметтік желіге жариялап, оның шексіз қуанышты екенін бөліскен. NASA қызметкерлерінің хаты ұлын қанаттандырып жібергені соншалық, енді ол мектепке баратын күнді асыға күтіп жүрген көрінеді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи