Өткен демалыс күні бір топ туристің Талғар шатқалының сол жақ қапталы арқылы Бутаковское шатқалындағы сарқырамаға бет алғаны және олардың арасындағы бір жас жігіттің қолын жылан шаққаны жайлы ақпарат Төтенше жағдайлар комитетіне келіп түседі. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шақырылған жерге барып, жылан шаққан саяхатшыны жедел жәрдем қызметкерлеріне дер кезінде жеткізді деп хабарлайды Qаmshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті саяхатшыларға сақ болуды ескертеді. Әсіресе тауға шыққан туристердің жабық аяқ киім киіп, соқпақ жолдармен жүруін, зиянды жәндіктерге беталды тиіспеуін айтады. Жылан шаққан жағдайда супрастин, тавегил сияқты антигистамин дәрілерді қабылдап, көбірек су ішу керектігін, ауырған мүшені қимылдатпай, жақын маңдағы медициналық орталықтың көмегіне жүгіну қажеттігін ескертеді.
Оставить комментарий