Саусақтар да сөйлейді...

/uploads/thumbnail/20170822144958720_small.jpg

Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үшкір саусақ: Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ іскер, қызуқанды, әсершіл, шешемтал адамға бітеді. Сондай-ақ хироном мамандар үшкір саусақ иелері не нәрсеге де шыдамсыз, тұрақсыз, құбылмалы, жұрттың айтқанына ергіш, сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек, қатыгез болуы да ықтимал екенін ескертеді.

Төртбұрыш саусақ: Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті, жинақы, табанды, ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға, адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті, ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді, өзі түсініп, ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойламы да, іс-әрекеті де тек нақтылыққа, материалдық негізге табан тірейді. Мұнысы оның адымын аштырмай, күнделікті ұсақ-түйек тірліктің қызығына байлап тастайтын жағдайларда аз ұшырыспайды.

Доғал саусақ: Саусақ бітімі мұндай жандар қайратты, жігерлі, дербес іс-әрекетке құштар һәм мақтан сүйгіштеу келеді. Басқаның ой-пікірімен санаса қоймайды, үнемі дерлік өзім білемін, өзімдікі дұрыс деген сенім жетегінде жүреді. Хирономия доғал саусақтылардан жұртты соңынан ерте білетін шешен-көсемдердің, мықты актерлардың жиі шығатынын алдыға тартады.

Салалы саусақ: Мұндай адам қандай қиын шаруаны да қиналмай һәм мінсіз атқаруға қабілетті. Бауырмал, жақын-жуықтарына, дос-жарандарына қамқорлық жасауға әзір тұрады. Бірақ басына іс түскен, тығырыққа тірелген кездері тым ұсақтап, өзіне лайықсыз әрекеттерге бару, жоқтан өзгені қазбалап, жөн-жосықсыз қазымырлыққа салыну да салалы саусақтыларға жат қылық емес дейді хирономия.

Сұқ саусақ: Оның ұзындығы ортаңғы саусақпен бірдей болса, онда ондай адамның әміршіл болу, даңқа жету мүмкіндігі өзгелерден әлдеқайда жоғары т.б. көптеген даңқты қолбасшылардың, елбасылардың саусақ бітімі осының дәлелі, – дейді мамандар.

Шынашақтың салалы болуын да хирономия билікке, байлыққа қол жеткізетіндіктің нышаны деп біледі.

Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи