АҚШ президенті Дональд Трамп пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Пхеньянның зымыранды сынаған әрекетінен соң Солтүстік Кореяға қарсы қысым көрсетуде күш біріктіру үшін келісімге келді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Олардың зымыранды Жапонияның үстінен ұшырғанын ашық түрде қоқан-лоқы көрсеткені деп түсіндік, бұл әрекет елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке залалын тигізуі мүмкін», – деп мәлімдеді Абэ Токиода өткен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жедел отырысында.
Жапония билігінің хабарлауынша, зымыран Хоккайдо аралының маңындағы теңіздің үстіне құлаған. 550 шақырым биіктікте 250 шақырым қашықтықты ұшып өткен зымыран Солтүстік Кореяның мамырда мәлім еткен АҚШ аумағына дейін жететін орта қашықтық зымыранының қуатына ұқсас екені анықталды.
Пентагон зымыранның Солтүстік Америкаға қауіп төндірмейтінін айтқан. Алайда АҚШ басшылар комитетінің төрағасы одақтастардың КХДР-ға қарсы «күшті жауап» қайтару керек екенін ескертті.
Оставить комментарий