АҚШ журналисі тікелей эфирде ерлік жасады (видео)

/uploads/thumbnail/20170829114005484_small.png

Техастың KHOU 11 телеарнасының тележүргізушісі  Бренди Смит тікелей эфир кезінде ерлік жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Бренди Смит тікелей эфир кезінде Харви дауылының кесірінен суға батып бара жатқан жүк көлігіндегі адамдардың өмірін құтқарып қалған. Ол дер кезінде құтқарушылардан көмек сұрап, бірнеше адамның өмірін құтқарып қалды. Қазіргі кезде оның тікелей эфир кезіндегі видеосына 25 мыңнан астам адам лүпіл басып, 12 мың ретвит жасалыпты.

Еске сала кететін болсақ, Техаста Харви дауылының кесірінен көптеген жергілікті тұрғындар зардап шегуде.

Оставить комментарий

Связанные Статьи