Forbes ресейлік шенеуніктердің ең бай әйелдерінің тізімін жариялады

/uploads/thumbnail/20170829124238662_small.jpg

Ресейдегі кейбір жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің әйелдерінің айлығы күйеулерінен бірнеше есеге артық. Бұл туралы ресейлік "Forbes Woman" басылымы мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2016 жылғы көрсеткіш бойынша ресейлік шенеуніктердің ең бай әйелдерінің алғашқы бестігіне Татарстан президентінің жары Гүлсина Минниханова, Брянск облысы губернаторының әйелі Ольга Богомаз, «Ростех» басшысы Сергей Чемезовтың әйелі Екатерина Игнатова кірген.

Татарстан президенті жарының табысы 2 миллиард рубльді ($33 млн.) құрады. Forbes мәліметінше, Минниханова –  Қазан кремлінің маңайында орналасқан спа-кешен, қонақ үй, мейрамхана, фитнес-клуб сынды демалатын орындар кіретін компания иелерінің бірі. Ал күйеуінің, яғни Татарстан президентінің табысы 7,5 млн. рубль ($126 мың)  ғана.

Ең жоғарғы көрсеткіште екінші болып тұрған Улан-Удэ қаласының депутаты Вадим Бредниндің жары – Раиса. Ол – күйеуі басшылық етіп отырған «Титан» компаниясының басқарушы директоры. «Титан» компаниясының құрамына 40-қа жуық азық-түлік дүкені, ет өңдеу зауыты, балық зауыты, кондитерлік цехы, мейрамхана және фитнес-орталық кіреді. Раиса Бреднидің табысы жылына $2 миллиардты құраған. Күйеуінен екі есе жоғары табыс табады.

Брянск облысы губернаторының әйелі Ольга Богомаз шаруа қожалығын басқарады. Оның табысы күйеуінен 240 есеге асып түсті.

Оставить комментарий

Связанные Статьи