«Нагасаки бейнесі» аталған адам 88 жасқа келгенде қаза тапты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ядролық қарудың таралуына белсенді түрде қарсы шыққан Сумитэру Танигутидің өліміне онкологиялық ауру себеп болған.
1945 жылы Нагасаки қаласында зардап шеккен тұрғындардың арасында Сумитэру Танигути де бар. Ол денесіндегі күйіктеріне қарамастан, аман қалып, ядролық қарудың таралуына қарсы шыққан белсенді еді. Ядролық қаруға қарсы тұруда бар қиындыққа төтеп берген Сумитэру қария қатерлі ісікпен күресе алмады. 88 жасқа аяқ басқанда өмірден озды.
Тамыз айы.. Нагасаки қаласына құлаған бомба... Сол сәтте Танигути эпиорталықтан 2 шақырым қашықтықта болған еді. 16 жастағы пошташы әдеттегідей газет тасып жүрген уақытта жарылыс толқыны жігітті велосипедінен ұшырып жіберген. Өзі аман қалса да, 2 жыл уақыты азаппен өтті. Денесіндегі күйіктері айыққанша ішімен ғана жатып жүрді, арасында есінен танып қалатын болған.
«Оянғанымда иығымның қисайып, арқамдағы терімнің қалай ашылып кеткенін өз көзіммен көрдім. Айналамды қара түнек басты, адамдардың айқайлаған, көмек сұрап жылаған дауыстары естілді. Қала өртке айналды. Нағыз тозақ...» – Сумитэру Танигутидің естелігінен.
1946 жылы АҚШ фотографы Танигути емделіп жатқан ауруханаға барып, оны суретке түсіріп алған еді. Сол жылдан бері сурет зардап шеккен Нагасаки тұрғындарының символы атанды.
Танигути Нагасаки полигонынан аман қалғандардың тобын бастап, ядролық қарудың таралуына белсенді түрде қарсылық танытты. Ол «Ядролық қарудан ешкім, ешқашан азап шекпеуі тиіс!» деген ұранды ұстанып, өзі соған сенімді болды...
Оставить комментарий