Ирактағы жанжал болып жатқан аймағынан шығарылған еліміздің төрт азаматы Ресей тарапының жәрдемімен Казақстанға жеткізілді. Олардың ішінде 1985 жылы туған әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар, деп жазады ҚР СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Сонымен қатар, Қазақстан азаматтықтары бар үш бала мен олардың анасы, Ресей азаматшасы, Грозный қаласына жеткізіліп, сол жақта қалуды жалғастыруда.
Әнуар Жайнақовтың айтуынша, жанұялардың екеуі де Ақтау қаласының тұрғындары.
Белгілі болғандай, өзге қазақстандықтар әлі де Иракта бар екен. Қазіргі таңда Қазақстанның Иорданиядағы және Ирактағы консулы оларды отанға жеткізу мәселесін пысықтауда.