Рим папасы: Мұсылмандар – біздің бауырымыз... (видео)

/uploads/thumbnail/20170905125543121_small.jpg

Рим папасы Франциск Мьянмада мұсылмандарға қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Ол будда дінін ұстанатындарды мұсылмандарды аяусыз қырып жатырғанына қарсы екенін айтып, айыптады. Сонымен бірге мұсылмандарды тек өз діни жоралғысы мен мәдениетін  ұстанғаны үшін өзге дін өкілдері оларды өлтіріп жатырғанын да айтып өтті. Буддисттер мұсылмандарды елден қуып шыққысы келетіндіктен, осындай сұмдық әрекетке барғанын айтты. Рим папасы мұсылмандар ешкімге зияны тимейтін, бейбітшілікті жақтайтын, қарапайым халық екенін де ескерткен болатын. «Олар христиан емес, алайда олар жақсы адамдар, олар біздің бауырларымыз, әпке-қарындастарымыз. Сондықтан олар үшін де дұға жасайық», - деп халықты бірге дұға жасауға шақырды.

«Рим папасының осы сөзінен кейін кей мұсылмандардан Мьянмадағы мұсылмандарда ештеңе болып жатқан жоқ деген сөзді есту ақылға қонбайды», - деп өз пікірін білдірді Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров.

Связанные Статьи