Пілмен селфи жасамақ болған адам қайғылы жағдайға ұшырады (видео)

/uploads/thumbnail/20170905144412707_small.jpg

Үндістандық Орисса штанында пілмен селфиге түспекші болған ер адам пілдің астында қалды. Бұл туралы дүйсенбі күні Daily Mail хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөздерге сүйенсек, ер адам пілге жақындай бергенде, жануар ызаланып кеткен. Сөйтіп, ер адамды артынан қуып жүріп, үстінен басып өткен. Саябақ қызметкерлері көмектесуге ұмтылғанымен пілді оқиға орнынан қуа алмаған.

Зардап шеккен ер адам ауруханаға барар жолда тіл тартпай кетті.

Связанные Статьи