Каспий маңы елдері жастарының Халықаралық форумы өтеді

/uploads/thumbnail/20170906084520709_small.jpg

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Әзірбайжан Республикасына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, үстіміздегі жылы 21-23 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында Каспий маңындағы бес ел делегацияларының қатысуымен халықаралық жастар Форумы (Бұданәрі - Форум) өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Форум жастар саясаты мәселелері бойынша қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын жаңғыру идеяларын шетелдерге насихаттауға бағытталған.

Президентіміздің болашаққа көрсеткен бағдарындағы рухани жаңғыру бағдарламасында да ата-қоныс, туған ел мен жер, өскен өлкенің қадірін білетін ұрпақ өсіруді ұлтымыздың алдына талап пен міндет қылып қойды. Келешек тағдырымызға жауапты буын- жастарымызға рухани құндылықтардың құнын түсіндіру,  жүзеге асыру – біздің басты жауапкершілігіміз.

Каспий Елдерінің жастар көшбасшылары арасындағы мәдениетаралық диалогтық байланысты  қалыптастыру арқылы жастар ұйымдарын шоғырландыру және жас көшбасшылар пікіралмасу алаңын құру форумның мақсаты болып саналады.

Форум шеңберінде келесідей іс-шаралар өткізіледі: «Caspi Leader Camp» - лагері Қазақстанның көшбасшы жастарына оқыту пікір-алмасу алаңы, қазақ - әзербайжан елдерінің жастар ұйымдарының өзара ынтамақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі, форумның пленарлық отырысы мен панельдік сессиялары, TEDex форматында танымал көшбасшылар мен сарапшылардың пікір алмасулары, «Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне тур, АРТ жастар фестивалі, ақындар – мүшәйрасы және Маңғыстау облысы әкімінің кубогі үшін «Жайдарман» сайысы, «Брейк данс», «Воркаут», «Баскетбол 3Х3» спорттық-мәдени шаралары және аймақ басшысының кубогіне арналған «Ұлы дала қаhармандары» атты халықаралық панкратионнан турнир ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Ақтауда Қазақстан эстрада жұлдыздарының басын қосатын «GAKKU» дауысы фестивалі өтетін болады.

 

Связанные Статьи