Бразилияда 6 тонна кокаинді Еуропаға тасымалдаған 80 адам ұсталды

/uploads/thumbnail/20170906084925686_small.jpg

Бразилия полициясы есірткі саудалаушыларға қарсы рейд жүргізіп кем дегенде 80 адамды тұтқындады деп хабарлайды euronews-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Қамауға алынғандар алты тонна кокаинді Еуропаға жөнелтпек болған. Заңсыз әрекетті іске асыру үшін қылмыстық топ Сан-Паулу штатындағы Сантос портын пайдаланған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, есірткіге қарсы операция елдің алты аймағында жүргізілген. Оған 800 полицей қатысты. 

Тұтқынға алынғандардың 28-і – Сантос қаласындағы порт терминалының қызметкерлері. Олар есірткі саудалаушылармен ауыз жаласып, өзара сыбайластық орнатқан. Сөйтіп тыйым салынған тауарларды тиісті бағытқа тасымалдап отырған. Колумбия, Перу, Боливиядан келген кокаиннің басым бөлігі Еуропаға жөнелтілген.


Связанные Статьи