ЮНИСЕФ: Мьянмадағы босқындардың 80% әйелдер мен балалар екені белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170906084845748_small.jpg

Соңғы екі апта ішінде Мьянмадан Бангладешке босқын ретінде барған рохинджа мұсылмандарының 80 % - әйелдер мен балалар екен -, деп жазады  Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

«25 тамыздан бері 125 мыңнан астам рохинджа мұсылмандары босқын ретінде  Бангладеш шекарасын кесіп өткен. Оның 80% - әйелдер мен балалар екені белгілі болды. Ал көмекке мұқтаж көптеген бала Мьянма елінің Ракхайн штатының солтүстігінде қалып қойған. Ол жерді үкімет әскері күшпен басып алыпты», - деп жазады ЮНИСЕФ-тің атқарушы директоры Энтони Лейктің өзінің жазбаша мәлімдемесінде.

Сонымен бірге, ол  ЮНИСЕФ-тің Ракхайн штатының солтүстік өңірлеріндегі жұмысты тоқтатуға мәжбүр болғанымен,  рохинджа балаларына көмек көрсетуін арттыра түскенін де айтып өтеді. Оларға қазір ұйым азық-түлік, ауыз су және гигиеналық заттар үлестіріп жатыр. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өңірдегі ахуалға алаңдаушылық білдіріп, Мьянма билігін рохинджаларға азаматтық немесе басқалай құқықтық статус беруге шақырды.

 

Связанные Статьи