Германияның оңтүстігінде орналасқан Гейдельберг қаласында белгісіздер тобы сайлауалды кампаниясы қарсаңында сахнада сөз сөйлеп тұрған Германия канцлері Ангела Меркельге қарай бірнеше қызанақ лақтырған. Бұл туралы РИА Новости-ге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Полиция мәліметіне қарағанда сахнаға қарай екі қызанақ жөнелтілген. Меркельдің аяғына қызанақтардың тек тамшылары ғана жетсе, оның қасында тұрған іс-шара жүргізушісі де ерекше шабуылдың құрбаны болған.
Меркель өз кезегінде мұндай әрекетке бейжай қарады. Бұл уақытта сөзін аяқтап үлгерген ол, жүргізушіге қол орамалын берген.
Айта кетейік, Германияда бундестаг сайлауы 24 қыркүйек күні өтеді.