Орталық сайлау комиссиясы электораттық оқытудың тренерлерін даярлайды

/uploads/thumbnail/20170906095130317_small.jpg

1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының республиканың барлық өңірлері үшін электораттық оқытудың 150 тренерін даярлау жөніндегі жобасы басталды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оқыту семинары барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының кадрларын және сайлау процесінің басқа да ұйымдастырушыларын одан әрі оқытуды жүзеге асыру үшін тренерлік корпусты кәсіби даярлауға бағытталған.

Семинар екі кезеңде тікелей-қашықтық нысанда оқытудың және білімін бағалаудың заманауи интерактивтік әдістерін қолдану арқылы ұйымдастырылды. Қашықтық кезең қыркүйек айы бойы өтіп, республиканың сайлау жүйесінің қолданыстағы заңнамаларының негізін зерделеуге арналады.

«Ортсайлаукомның басымды бағыттарының бірі ретінде, біз республикалық деңгейден жергілікті деңгейге дейінгі сайлау комиссиялары кадрларының кәсіби біліктілігін арттыру деп ойлаймыз. Электораттық оқытудың 150 тренерін даярлау жобасы - сайлау комиссияларының мүшелерін жүйелі ұйымдастыру жөніндегі алғашқы қадам. Өңірлік сайлау комиссияларындағы әріптестеріміздің кәсіби деңгейіне жаңа талаптар қойылады.

Тренерлердің басты міндеті - сайлау процесін дұрыс ұйымдастырудың негіздеріне үйрету, өздерінің міндеттері мен жауапкершілік деңгейін айқын түсіну», - деп атап өтті Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Сапарқызы Мұстафина. 

Связанные Статьи