Дональд Трамп АҚШ-қа бала кезден заңсыз көшіп келгендерге азаматтық беруге, тұрақты тұруға рұқсат етілген заңнаманың күшін жоятынын мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме беріп хабарлайды. «Мен балаларды жазалаушылардың қатарынан емеспін. Алайда, біз- құқықтық мемлекетпіз»-деді ол өз сөзінде.
АҚШ-тың 44-президенті Барак Обаманың тұсында АҚШ-қа заңсыз көшкен балаларға азаматтық беру заңдастырылған болатын.
Айта кетейік, заңсыз мигранттармен күресу- Трамптың сайлауады кампаниясында орындауға тиісті уәделерінің бірі.