2017 жылдың 6 қыркүйегінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесін ҚР Ұлттық ұланы 3660 әскери бөлімінің 200-ден астам жауынгері келіп тамашалады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кешегі Ішкі әскер,бүгінгі Ұлттық ұлан ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап, тұрақтылық пен тыныштықтың сенімді күзетінде тұр. Құқықтық тәртіп әскері- тәртіп пен заңдылықтың, Конституциялық құрылымның мызғымас қорғаушысы бола бермек.
Ұландықтардың қатарын толықтырған жас жауынгерлер Отан алдындағы қасиетті борышын өтеу үшін Астана қаласына еліміздің әр өңірінен шақырылған. Қасиетті қызметтің арқасында Астана көшелерін қорғаумен қатар, мемлекет көлеміндегі маңызды шара – «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін көріп қайтуға мүмкіндік алды.
- Мен әлем көлеміндегі осындай көрмені көргеніме қуаныштымын. Бұл жерде «Болашқ энергиясы» бағытында әр елдің аяқ алысн байқап көруге болады. Ең үлкен әскер қалдырған Жапония, Қытай, АҚШ және Ресей елдерінің павилиондары болды. Барлығынан бұрын үлкен сфера пішінді болған өзіміздің «Нұр Әлем» павилионы қатты ұнады. Осындай кең көлемді шараны өткізіп жатқан елді қорғау мен үшін үлкен абырой,- деді қатардағы жауынгер Бақдәулет Нұрман.
Айтып өту керек, бұл көрме басшылығының қолдауымен мүмкін болды. Енді, Отан алдындғы борышын өтеп шығатын жауынгерлер әскердің темірдей тәртібімен қатар, өздерімен бірге «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы естеліктерді алып қайтатын болады.