БҰҰ Мьянмадағы мұсылмандарға қарсы шабуылға алаңдаушылық білдірді

/uploads/thumbnail/20170906133511540_small.jpg

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Мьянмадағы зорлық-зомбылықты тоқтатуды ұсынды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Гутерриш Мьянмадағы этникалық азшылықты құрайтын рохинджа өкілдеріне қарсы жасалып жатқан шабуылға алаңдауышылық білдіріп отырғанын мәлімдеді. Бас хатшы Мьянма билігін Ракхайн штатындағы мұсылмандардың дұрыс өмір сүруі үшін оларға азаматтық немесе басқа да құқықтық мәртебе беруге шақырды.

Жақында ҚМДБ Мьянмада орын алған қайғылы оқиғаға байланысты қатты алаңдаушылық білдіріп, жергілікті тұрғындарға жасалған қасіретті қатаң айыптайтынын жеткізген.

400-ден астам адамның өмірін қыршыннан қиған қасіретті оқиға әлемнің әр түкпіріндегі мұсылман жұртының ғана емес барша адамзаттың алаңдаушылығын тудыруда. 

ҚМДБ еліміздегі барша халықтан нақақтан құрбан болған, зорлық, зомбылық көрген адамдар үшін Бір Алладан дұға етуді сұрады.

Связанные Статьи