Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр 5 қыркүйекте Иранның өткен аптада қажылық аяқталған соң екі ел арасындағы қарым-қатынасиы жақсарту туралы ұсынысын қабылдаған жоқ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Егер Иран Сауд Арабиясымен қарым-қатынасын жақсартқысы келсе, өзінің саясатын өзгертсін. Ол халықаралық құқықты құрметтеуі тиіс», – деді әл-Джейбур Лондонда өткен пресс-конференцияда.
Ирандық шенеунік, Тегерандағы қажылыққа бару шарасын ұйымдастырушы құрылымның басшысы Әли Ғази-Аскар қажылықтың сәтті аяқталғаны үшін Сауд Арабиясына алғысын білдіріп, өзге де мәселелер бойынша келіссөздерге жол ашуды ұсынған. Ғази-Аскардың айтуынша, екіжақты қарым-қатынастарды өзге де салалар аясында жақсартуға мүмкіндік туды.
Ирандық ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавада Зариф қажылық аяқталған соң екі ел арасында дипломатиялық іс-сапарлардың болатынын айқан.
Өз кезегінде Әл-Джубейр Зарифтің айтқанын «күлкілі» деп, Сауд Арабиясының Иранмен тығыз қарым-қатынас орнатуына ешқандай себеп көріп тұрмағанын мәлім етті.