Шетелдің үрейін ұшырған «Ирма» дауылы Кариб теңізіндегі Барбуда аралына жетті. Мұнда шамамен бір жарым мыңдай адам тұрады. Ұйытқи соққан желдің екпіні сағатына 300 шақырымға дейін жеткен. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды.
Синоптиктер болжамынша, алапат дауыл Пуэрто-Рико, Доминикан Республикасы, Гаити және Куба мемлекеттерінің үстімен өтеді. Осыған байланысты АҚШ президенті Дональд Трамп Флорида штатында және Пуэрто-Рико мен Виргин аралдарына дауылдың жақындауына байланысты төтенше жағдай жариялады.
Дүлей жел ең жоғарғы көрсеткіштен, яғни бес балдан да асып түскен. Мамандардың айтуынша, ол Атлантикадағы соңғы онжылдықта соққан ең сұрапыл дауыл болмақ. Тіпті Техасты тас-талқан қылған «Харвидан» да қарқыны қатты деседі.