ЭКСПО-2017 көрмесіне келушілердің жалпы саны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170912160023071_small.jpg

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі халықаралық павильондардың демонтажы 2017 жылдың 15 желтоқсанына дейін аяқталады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ЭКСПО-2017 көрмесінің медиа-орталығына сілтеме жасап.

2017 жылғы 11 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аумағындағы халықаралық павильондардың демонтажы жүргізіледі. Қатысушы мемлекеттер Көрме ұйымдастырушыларына павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет.

Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.

Сәулет департаменті мен Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процессіне бақылау жүргізеді.

Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.

115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымдар қатысқан «Астана «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 қыркүйекте аяқталғанын еске саламыз.

Алдын ала болжам бойынша 2 млн. келушілер күтілген, алайда келушілердің жалпы саны 3 977 545 құрады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи