Сарапшы 42 әріптен тұратын әліпбидің кемшіліктерін атады

/uploads/thumbnail/20170912170643441_small.jpg

Қазіргі қолданыстағы 42 әріптен тұратын әліпби – жасанды әліпби, дейді Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту жөніндегі республикалық үйлестіру-әдістелемлік орталығының директоры Ербол Тілешов, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгнігі қолданыстағы қазақ тілінің әліпбиінде 42 әріп бар. Біз белгілер мен әріптерді емес, дыбыстарды санауымыз керек. Қазақша дыбыстар бар ма? 42 әріп – ол жасанды әліпби. Қазақ тілінде ондай дыбыстар жоқ. Мәселен, ағылшын тілінің әліпбиінде 26 әріп, 44 дыбыс бар. Олар 44 дыбысты 26 белгінің көмегімен қолданады. Ал бізде керісінше, 28 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл дұрыс емес», – деді Ербол Тілешов Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

Тілешовтың айтуынша, Я және Ю сынды әріптер қазақ тілінде де, орыс тілінде де жоқ. «Орыс тілінде Я – йа, Ю – йу дегенді білдіреді. Ондай әріптердің қандай қажеттілігі бар? Қазақ тілінде, сондай-ақ жіңішкелік белгісі мен айыру белгісін де ұстаудың қажеттілігі жоқ. Бізде сингорманизм жіңішкелік белгісімен емес, буынмен анықталады», - деп түсіндірді Тілешов.

Сол себепті, қазақ тілінің түпнұсқалық дыбыс жүйесіне негізделіп, латын әліпбиіндегі қазақ тілінің жаңа нұсқасында 26 әріп анықталғанын айтты. Сондай-ақ, ең алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің қаматамасыз етілуі керек екенін ескертті.

Бұдан бөлек, Тілешов ағылшын тілімен салыстырғандарға да жауап берді.

«Латын әліпбиі – ағылшын әліпбиі емес. Ағылшын тілі латын әліпбиі негізінде жасалған, қазақ тілі де солай болмақ. Тілді әліпбимен шатастырудың қажеті жоқ. Француз тілі де латын әліпбиінің негіщінде жасалған. Соны ескерейік», - деді Шаяхметов атындағы тілдерді дамыту жөніндегі республикалық үйлестіру-әдістелемлік орталығының директоры.

Оставить комментарий

Связанные Статьи