48 қазақстандық ҚР Парламент Мәжілісінде екі апталық тәжірибеден өтеді.
Жастарға мұндай мүмкіндік беріп отырған «Жастар кадрлық резерві» жобасы. Бұл туралы «Болашақ» ассоциациялық Кеңесінің төрағасы Бахтияр Мәкен хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, жобаға 18-29 жас аралығындағы кез-келген азаматтың ат салысуға мүмкіндігі бар. Алайда арнайы комиссия республиканың әр аймағынан 3 адамды ғана таңдап алады. Тәжірибеден өтуге ниетті азаматтар үшін алдымен үш күн тренинг өтеді. Белсенділігімен көзге түскендер арнайы сертификаттар алады.
Айта кету керек, байқаудың өтіп жатқанына 8 жыл болды. 8 жыл уақыт аралығында байқауға 14 000 жас қазақстандық ат салысты.
Оставить комментарий