Мемлекеттік тілімізді орасан зор реформа күтіп тұр, ол – латын қарпіне көшу

/uploads/thumbnail/20170913133419058_small.jpg

Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының отырысында Мәжіліс депутаты Б.Ертаев қарулы күштердің ардагерлері еш күмәнданбай Елбасының шешімін қолдайтынын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Бәріміз білетіндей, 2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тарихи мәлімдеме жасады. Енді мемлекеттік тілімізді орасан зор реформа күтіп тұр, ол – латын қарпіне көшу.

Ардагерлер ұйымдары әрқашан еліміздегі басты қоғамдық маңызды оқиғалардың алдыңғы қатарында болды. Біз Отанға деген махаббатымызды талай рет дәлелдегенбіз. Және осы сәтте, біз – қарулы күштердің ардагерлері еш күмәнданбай Елбасының осы шешімін де қолдаймыз.

Өйткені, мен, әскери адам ретінде, жеңістің үш тұғыры бар екенін білемін. Олар: нақты стратегия, жеңіске деген сенім және, міндетті түрде, адал әскер" деді депутат.

Оставить комментарий

Связанные Статьи