АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдердің қатары Венесуэла, Солтүстік Корея және Чадпен толықпақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Жаңа шектеулер 18 қазанда күшіне енеді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-қа Иран, Йемен, Ливия, Сирия және Сомали азаматтарына кіруге тыйым салынған.
Ақ үйде КХДР АҚШ-пен әріптестік қарым-қатынас орнатудан бас тартқанын хабарлады. Алайда Солтүстік Кореядан келгендердің қарасы онсызда аз болғанын айтады.
Чад АҚШ-тың терроризммен күрестегі маңызды серіктесі. Десек те американдық билік сұратқан кейбір мәліметтерді бермегендіктен Чадта АҚШ-қа кіруге тыйым салынған елдердің қатарына кірді.
Вашингтон жақында Венесуэлаға экономикалық санкция салды.