Жоба авторлары: «Жібек Жолы Жұлдызы» мегашоуы 100% қазақстандық өнім

/uploads/thumbnail/20170925113753119_small.jpg

«Qazaqstan» Ұлттық арнасында жаңа халықаралық мегажобаның таныстырылымы болып өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жоба ұйымдастырушылары жаңа халықаралық мегажоба жайында толыққанды түсіндіріп, оның негізгі мақсаттарына тоқтала кетті.

«Біз бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасынында 30 қыркүйектен бастап эфирге шығатын «Жібек Жолы Жұлдызы», «Silk Way Star» жаңа халықаралық мегашоуымен сіздерді таныстырмақшымыз. Біздің тапсырысымыз бойынша, оны белгілі продюсер Динара Адамның шығармашылық тобы іске асыруда. Бір айтарым, бұл жоба – бірегей жоба. Себебі бұл франшиза емес, басқа шетелдік жобаның дайын сатып алынған форматы емес. «Жібек Жолы Жұлдызы» 100 пайыз өзіміздің ойымыздан шыққан, өзіміз ойлап тапқан жоба. Яғни, форматы, концепциясы, құрылымы, мазмұны барлығы да біздікі. Бұндай шоу Қазақстан телеарналарында ешқашанда болған емес. Және бұл концерттік сайыстың аналогтары ешбір елде жоқ. Сондықтан «Жібек Жолы Жұлдызы» мегашоуын 100 пайыздық қазақстандық өнім деп атауға болады.

Аталған жобаның мақсаты жайлы біраз айтып кетсем. «Жібек Жолы Жұлдызының» басты мақсаты, қазақ  мәдениетін, тілін, өнерін осындай халықаралық шоулар арқылы әлемге әйгілеу. Екінші мақсат – шетелдік теленарыққа шығу арқылы телевизиялық аудиторияны кеңейту. Бізде Қазақстаннан өзге қатысушы елдердің, яғни Қырғызстан, Тәжікістан, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Грузия, Ресей Федерациясының: Татарстан,  Башқұртстан елдерінің ең рейтингі жоғары телеарналармен келісім бар. Біздің жоба сол елдерде көрсетілетін болады. Осы келісімшарт, «Жібек Жолы Жұлдызы» мега шоуына 100 миллионнан астам  аудиторияны тартуға сеп болады. Жалпы айтқанда, осындай аудиторияны тарту - Қазақстан телевизиясының тарихындағы алғашқы жағдай. Және үшінші мақсат – біз бір маусым ғана эфирге шығып тоқтап қалатын өнім жасағымыз келмейді. Біз жобаның шекараларын кеңейткіміз келеді. Және бағдарламамыздың сапасын соған сай етіп жасаудамыз. Оған дәлел, біз барлық жұмыстарды бітіріп енді түсірілімге кірісейік деп жатқанда, Қытайдан және басқа елдерден хабарласып қатысуға ниет білдірді. Бірақ біз барлығын байыппен, қадам қадаммен жасауға бел будық. Сонықтан келесі жылы тек осы мемлекеттер ғана емес, мемлекет саны көбірек болады. Яғни аудитория кеңейеді.  

Бұл жобаны біз ертең басқа нарықтарға сата аламыз. Себебі бұл жаңа формат. Бір жағынан сол арқылы қатысушы елдердің музыкалық жетістіктерімен танысамыз, екіші жағынан, өзіміздің мәдениетіміздің, тіліміздің таралу аймағын кеңейтеміз.

Конкурс тәртібі бойынша, қатысушылар сайыстың бірінші күні өз елдерінің тілінде ән айтады, сосын апта алмастырып, қазақ тілінде ән айтатын болады. «Жібек Жолы Жұлдызы»  шоуында сіздер, қазақша хиттер, әлем хиттерін қазақ тілінде, және қатысушы елдердің хиттерін де қазақ тілінде де тыңдай аласыздар.

«Жібек Жолы Жұлдызы» бұл біздің тілімізді, біздің мәденитемізді музыкамызды, өнерімізді бүкіл әлемге әйгілеуге көмек болатын жоба.

Тағы да айта кетейін, бідің жоба халықаралық жоба. Себебі қатысушылар түрлі елдерден келген, және әділқазы алқасы да сол қатысушы елдерден келген белгілі продюсерлер. Жалпылап айтқанда біз осы жобаны жасар алдында әр затқа үлкен мән бердік. Сол себептен «I am Singer» жобасын жасап, әлемге Димаш Құдайбереновті таныстырған Хунан ТВ арнасының операторлары, қоюшы режиссерларын шақырдық. Біз жобамыз жайлы енді жариялағанда, оның көпшіліктің қызығушылығын тудырғандығын білдік. Және оны әрмен қарай түсіруге, ауиториясын кеңейтуге дайынбыз», - дейді жоба ұйымдастырушылары.

Связанные Статьи