Антидопингтік агенттіктің (USADA) басшысы Тревис Тайгарт Халықаралық Олимпиада комитетіне ресейлік спортшыларды 2018 жылы Пхенчханда өтетін Олимпидаға қатыстырмауды өтінді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның айтуынша: «Ресей ойыншыларына Олимпиадаға жол бермеу керек, себебі оларда допинг қолдану тәжірибесі тамырланып кеткен».
Ал барлық сынақтардан таза өткен ойыншылар болса, Ресейдің емес нейтралды тумен ойынға шығуы керек. Саясаткерлер бұл пікір жөнінде қандай да бір Ресейге қарсы жасалған әрекет өте «қауіпті белгі» болуы мүмкін деп мәлімдеді.
Тревистің ойынша саясаттың әсері бар мемлекет ойыншылары Оңтүстік Кореяда өткелі отырған ойында да алдап соғып кетуі мүмкін.
Бұдан бұрын Мәскеулік антидопингтік зерттеу орталығы басшысы Григорий Родченков Ресей мемлекетінің допинг-жүйесін қолдайтындығын айтқан.
Оставить комментарий