Ирактық Күрдстан тәуелсіздік туралы референдум өткізді

/uploads/thumbnail/20170925141833126_small.jpg

Ирактың жартылай автономиялық күрдтер облысы бүгін Бағдад тарапынан төнген қауіпке қарамастан тәуелсіздік мәселесін дауысқа салды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ирактық Күрдстан аймақтық билігінің президенті Масуд Барзани дауысқа салу арқылы 1991 жылдан бері автономиялық облыс атанып келген, сондай-ақ қарулы исламистерге қарсы күресте маңызды рөл атқарған облыстың тәуелсіздікке бағыттаған алғашқы қадамы екенін мәлімдеді.

12 мыңға жуық сайлау учаскілері таңғы сағат 8-де ашылып, аймақта 5,3 миллион сайлаушы тіркелген. Дауыс беру кабиналары 12 сағат бойы ашық тұрады.

«Бағдадпен серіктестік орнату сәтсіздікке әкелді және мұны ендігі қайталамаймыз», - деді Барзани 24 қыркүйек күні Эрбильде өткен пресс-конференцияда.

Өз кезегінде БҰҰ, АҚШ және өзге де Батыс елдері аталмыш референдумға қатысты алаңдаушылық тудырды. Мұндай даулы аудандарда тәртіпсіздік орнаса, ДАИШ экстремистік тобына қарсы соғыстың назарын өзіне аударады.

Сондай-ақ референдумды өткізу идеясын Бағдад, Түркия және Иран сынды мемлекеттер айыптады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи