Қырғызстанда Сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясы Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуіне баға берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Нұржан Шайлдабекова «Азаттық» тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, «Сайлау» туралы заңның 28-бабында үміткерлерге шетелдік саяси тұлғалардың үгіт-насихатын пайдалануға тыйым салынған. Алайда Орталық Атқару Комитетінің жұмыс тобы аталмыш кездесу жайында Қазақстан басшысының баспасөз қызметі ақпарат ретінде жазғандықтан, мұнда ешқандай да заң бұзушылықтың болмағанын айтады. Төрағаның өзі «заң бұзушылық орын алды» дейді.
«Меніңше, бұл – жауапкершіліктен қашуға итермелейтін нағыз іс-әрект. Бабановтың Қазақстан президентімен кездесуін заң бұзушылық деп білемін», – деді Шайлдабекова.
Оның сөзінше, өзін жоғарғы лауазымға ұсынып отырған адам моральдық тазалық пен жауапкершіліктің үлгісі болуы керек.
Айта кетейік, 19 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың «Республика – Ата-жұрт» партиясының басшысы және Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездескенін жариялаған.
Келесі күні Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанға наразылық нотасын жіберді. Бішкек Назарбаевтың Қырғызстан президенттігіне үміткер Бабановпен кездесуін «Қырғызстанның ішкі істеріне араласуы және сайлауға ықпал ету» әрекетіне балады.
Қазақстан тарапы өз кезегінде Қырғызстан СІМ реакциясына таң қалғанын жеткізді. Астана Елбасының Өмірбек Бабановпен кездесуде ешқандай ықпал жасау әрекеті болмағанын жеткізді.
Оставить комментарий