Түркияның танымал журналисі түрмеде бір жыл отырып шықты

/uploads/thumbnail/20170926093531398_small.jpg

«Ыстанбұл жоғырғы соты дүйсенбі күні Түркияның «Cumhuriyet» оппозициялық басылымының  журналисі Кадри Гюрселді түрмеден босатты» - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сот Түркияның ең беделді журналистерінің бірі Гурселді 11 айдан соң босатылғанына қарамастан, ол әлі де террорлық топтармен байланысты деген күдікпен бостандыққа шыққан соң да бақылауда болатындығын мәлімдеді.

Елбасы Режеп Ердоғанды терең сынға алған «Cumhuriyet» газеті қызметкерінің сот процесі 31-ші қазанға дейін тоқтатылды.

Отыз жыл тәжірибесі бар журналист Гурселді, дүйсенбіде Стамбұлдың Сильви түрмесінен ресми түрде  босатқаннан соң, оны туыстары мен әріптестері қарсы алды.

 Күтіп алушыларға қарап Гурсел: «Бұл ешқандай да қуанарлық жағдай емес, себебі, көптеген «Cumhuriyet» газетінің журналистері жазықсыз қуданалып, әділетсіз жазаға тартылып жатыр»- деді.

Ардагер журналист қатаң саяси қыспаққа қарамастан жаза беруді жалғастыратындығын айтты.

Гурсел қамауға алынған  Стамбұлдағы сот ғимаратының жанында 200-ге жуық адам жиналған еді, олар журналистің портреттері және «Журналистерге арналған еркіндік» және «Тәуелсіз баспасөзді жоққа шығару мүмкін емес» деген ұрандары бар баннерлермен келген болатын.

P24 баспасөз бостандығы тобының деректері бойынша, Түркияда 171 журналист сотталған, оның көпшілігі 2016 жылдың 15 шілдесінде төңкеріс әрекетінен соң төтенше жағдайға байланысты қамауға алынған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи