Қытай билігі ҚХР Коммунистік партиясының кезекті съезіне байланысты WhatsApp мессенджерін бұғаттап тастады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі The New York Times басылымына сілтеме жасап.
WhatsApp – Facebook компаниясына тиесілі мессенджер. Аталмыш желі Қытай елінде 2009 жылы бұғатталған болатын. Деректерге сәйкес, WhatsApp мессенджері – Қытайда Facebook-тің бұғатталмаған санаулы сервистерінің бірі еді. Сонымен қатар, бұл елде Instagram желісі де бұғатталған.
Шілде айының ортасына қарай Қытай билігі видеоқоңыраулар мен WhatsApp желісі арқылы түрлі суреттерді, картиналарды жіберуге тыйым салған, алайда бұл желі арқылы мәтінді хабарлама жіберуге рұқсат бар еді.
Басылымның хабарлауынша, Қытайда интернет желілерін жиі-жиі бұғаттап тастайды. Алайда барлығын бірден бұғаттамай, ақырындап, кезең-кезеңімен жауып отырады. Тек солай ғана бұл желілер адамдарға пайдасыз күйге түсіп, халық әлеуметтік желілерді қолдануды тоқтатады. Халық тек билік рұқсат еткен желілерді ғана падалануға құқылы болады.
Оставить комментарий