Дженнифер Лопес бұрынғы жігіті мен бұрынғы күйеуінен көмек сұрады

/uploads/thumbnail/20170926121745200_small.jpg

Дженнифер Лопес отбасының туған мекені Пуэрто-Рико қаласында дауылдан зардап шеккендерге  $1 млн. қаржы бөлді. Бұл туралы Лопес Нью-Йорктегі Эндрю Куомомен болған баспасөз мәслихатында мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол Лас-Вегастағы тұрағынан Мария дауылы салдарынан түрлі қайырымдылықтарға ақша беретінін айтты. Лопес өзінің бұрынғы жігіті Нью-Йорк Янкис жұлдызы Алекс Родригес пен бұрынғы күйеуі Марк Энтонидің көмегіне жүгінгенін айтады.

48 жастағы Лопес Нью-Йоркте туылса да оның ата-аналары Пуэрто-Рикада дүниеге келген. Оның айтуынша, онда әлі де тұрып жатқан туыстары бар.

Ал белгілі әнші Рикки Мартин болса бұл шараға $100 000 сыйға тартты және интернеттегі қайырымдылық қорын іске қосты. Оған қоса, Пуэрто-Рико рэппері Дэдди Янки өзінің жанкүйерлері сыйға тартқан төрт жүк көлігін қйырымдылық үшін берді.

Оставить комментарий

Связанные Статьи