Сирияда тағы екі ресейлік көз жұмды – Ярослав облысынан Юрий хабаров және Шешенстаннан Магомед Тербулатов. Хабаровтың қазасы жөнінде Conflict Intelligence Team (CIT) тергеу тобы хабарлады. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, Сирияға бармас бұрын ресейлік жауынгер Украинаның шығысында сепаратистердің атынан соғысқан. Сирияда келісім бойынша қызмет етті ме, әлде жалшы болды ма, белгісіз.
Тербулатовтың өлімі туралы «Кавказ.Реали» интернет-басылымы мәлімдеді. Қаза тапқан жауынгер Сириядағы әскери полицияда қызмет етті. 20 қыркүйекте Ресейдің қорғаныс министрі сириялық Идлиб провинциясының әскери полициясының қоршауға алынғанын хабарлаған. Ал қаза тапқандар жайында ақпарат шықпаған.
Өткен аптада Сирияда 5 ресейлік жауынгер қаза тапқан. Олардың қатарында генерал-лейтенант Валерий Асапов болды.