Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ парламенттің төменгі палатасын таратты. Мерзімінен бұрын болатын сайлау 22 қазанда өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новистиге сілтеме жасай отырып.
«Бұл сайлау Жапонияны және азаматтардың бейбіт өмірін қалай қорғау керек деген сұраққа жауап береді»-деп мәлімдеді Премьер-министр. Оның тұжырымы бойынша палатаның жаңа құрамы Жапонияның болашағына жол ашуы тиіс.
Өз кезегінде оппозиция өкілдері Абэні палатаны тарату арқылы өзінің қолайына жақпайтын тұлғаларды тықсырғалы отыр деп айыптады.