Атырауда өз қарындастарын зорламақ болған жігіт 10 жылға сотталды

/uploads/thumbnail/20170927192023969_small.jpg

Атырауда жиені мен қарындасына азғындық әрекет жасап, зорламақшы болған жігітке сот үкімі шықты. Аталмыш істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қараған. Бұл туралы жергілікті atr.kz редакциясына облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлаған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз қызметі мәлім еткендей, биылғы жылдың маусым айында сотталушы 5 жастағы жиені мен 13 жасар қарындасы үйде жалғыз қалғанын пайдаланып, оларды қорқытып шешіндірген. Сөйтіп, азғындық сипаттағы әрекеттерді тырысқан. Ал кезде қыздар айқайға басып, жылай бастаған соң кішкентайлардың әкесі үйге жүгіріп кірген.

Аталған қылмыстық істі  қарау барысында сот алқасы сотталушының кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады.

Нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 124-бабының бірінші бөліміне сәйкес қылмыскерге 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сот үкімімен ол педагогикалық және өзге де лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Связанные Статьи