ОҚО-да мұғалім мектеп ауласында асылып қалған

/uploads/thumbnail/20170929134119678_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектепте жаға ұстатарлық жағдай орын алды. Математика пәнінің оқытушысы мектеп ғимаратында асылып қалған.

Оқу ғимаратының қызметкерлері оқытушының не себепті мұндай әрекетке барғанын түсінбей дал. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, оқиға 26 қыркүйекте Мартөбе ауылындағы мектепте орын алған. Қаза тапқан адамның жасы шамамен 60-та. Куәгерлердің айтуынша, әріптестері мәйітті кешке таман бірақ байқаған.

Оның үстіне, бұл мектепте қаза тапқан мұғалімнің ұлы оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

ОҚО ІІД өзін-өзі өлтіру жайында ақпаратты растады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Связанные Статьи