«Playboy» ерлер журналын ашқан Хью Хефнер 91 жасында дүниеден озды

/uploads/thumbnail/20170929134717622_small.jpg

«Playboy» ерлер журналын ашқан Хью Хефнер дүниеден өтті,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 1960 жылдары сексуалдық революция орнатқан журналды Хью Хефнер 1953 жылы $600 қаржыны өз қалтасынан шығарып ашқан болатын. Нәтижесінде, журнал мультимиллион-доллар қаржы әкелетін табыс көзіне айналып, теле бағдарламалары мен джаз фестивальдары және «Playboy» түнгі клубы бірге қосылып жұмыс жасайтын орасан кәсіпке айналды.  

Аты аңызға айналған Хью қаншама жас, тіптен өзінен екі-үш есе жасы кіші бикештермен көңіл қосып, оны теле шоуға айналдырды.

Ол өзі туралы айтқанда: «Мені әлемді жақсы жағынан: әлеуметтік, сексуалдық көзқарас жөнінен өзгеріс алып келген тұлға ретінде есте сақтаса разы болушы едім»,- деген. Оған қоса, ол өзін көп армандаған балаға және сол арманды жүзеге асырған жанға теңейді.  

Хефнер 1926 жылы сәуірдің 9-да Чикагода есепші Глен мен мұғалім Грейс Хефнерлердің отбасында дүниеге келген. Ата-анасының екеуі де консервативті Небраскалық протестанттар болған.

2011 жылы «The Hollywood Reporter»-ге берген сұхбатында Хью «Менің әке-шешем өте тәрбиелі және жақсы адамдар, бірақ біздің үйімізде баланы құшақтап аймалау мен сүю деген болмайтын»,- деді.

1944 жылы жоғарғы оқу орнын тәмәмдаған Хью, АҚШ әскерінің газетіне журналист болып жұмысқа орналасады. 2-ші дүниежүзілік соғыс аяқталысымен ол «Esquire» журналының мәтін терушісі болып істейді және сонда жүріп ерлер журналын ашуға мақсат қояды.

Инвесторлардың көмегімен жиналған $10,000-ға ол 1953 жылы желтоқсан айында «Playboy»-дың ең алғашқы нөмірін жарыққа шығарды. Содан бастап, журнал әлемдегі ең әйгілі ерлер журналы болып сәтті жалғасын тапты.

Связанные Статьи