Өз қызынан кәуап жасаған әйел: Біз өртеніп, жұмаққа кіру керек едік...

/uploads/thumbnail/20170929135533575_small.jpg

Белгиялық әйел 2 жастағы қызынан кәуап жасаған, ― деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Қылмыскер әйелдің көршілері сәбидің айқайлаған даусын естіп, полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Алайда полиция қызметкерлері 2 жастағы қызды құтқара алмады.

Бельгиялық полициялар 27 жастағы әйелді қамауға алды, тергеу жұмыстары әлі де  жалғасып жатыр. Қыздың қалдықтары арнайы грил жасайтын аппараттан табылған.  Полиция қызметкерлерінің айтуы бойынша қылмыскердің көршілері қыздың жанұшыра айқайлаған даусын естіген, сосын пәтерден түтіннің шығып жатқанын байқапты.

27 жастағы әйел электрогрилде жанып кеткен қызының қалдықтарын көрген кезде «Біз бірге өртеніп, жұмаққа кіру керек едік», ― деп айтыпты.

Кейіннен әйелдің депрессияға шалдыққаны белгілі болды. Кей мамандардың айтуы бойынша, әйел психикалық ауруға шалдыққан.

Еске сала кететін болсақ, осыдан біраз уақыт бұрын Ресейде адам жейтін отбасы тұтқындалған болатын.

Связанные Статьи