Әйелдің сөмкесін асынған еркектер... ?(қазақ жігіттеріне өтініш)

/uploads/thumbnail/20171005191302020_small.jpg

Тақырыптың өзі көптеген ер адамның намысына тиіп кетуі әбден мүмкін. Мүмкін емес, намысына тиеді.  Алайда қоғамда болып жатқан осындай сорақылық деуге келмес, әрине, көзге түрпідей тиетін дүниені айту керек деп ойлаймын.

Кеше Достық Плаза ойын-сауық орталығына құрбыларыммен күздік киім қарауға барғанбыз. Арнайы студенттерге арналған арзандау деген киім дүкендері  болатынын алматылықтар жақсы біледі. Киім қарап жүрген кезде бір қазақ жігіттің әйелінің сөмкесін асынып алғанын көрдім де, таңғалдым. Қасымдағы қалжыңбас құрбым «подкаблучник» деген осындай болады екен ғой», ― деді сыңқылдап. Сосын еріксіз құрбымның сөзінен кейін күлдім.  Сырттай қарап құрбыларыммен бірге әлгі еркекке білдіртпей күліп, күлкіге айналдырдық. Біздікі де дұрыс емес. Себебі күлетіндей емес, ашуланатындай оқиға.yell Әлгі кісі бізге қараған кезде, басқа дүниеге күлгендей болып оны ұялтпауға тырыстық. Алайда әйелдің сөмкесін асынған жігітті ақтауға да болады: мүмкін әйелі киім ауыстырып, сосын әйеліне беруге ұмытып кеткен шығар, кім біледі?!wink

Жоғарыдағы жігітке түсіністікпен қарадық делік. Бірақ біз Достық Плазада 2 сағат жүргеннің өзінде 5-6 жігіттің әйелдің сөмкесін асынып жүргенін көріп, «падкаблучниктер қаптап кетіпті ғой» деген ойға келдік. Көшеде де, дүкен де сөмке асынып жүрген еркектер.yell

Айтпақшы осы жерде ескерте кетейінші, қасымдағы екі қыз да қазақы ауылдың қыздары. Мен Атырауда дүниеге келгенмін. Бөлінгендігім емес, алайда батыстың жігіттері үйде әйелін тыңдап, «қорықса» да, сыртта жүргенде өзінше өз әйелін көзбен жұмсайтын еркек болып алады.cool Қасындағы әйелінің сөмкесін асынып дүкен араламақ түгілі, бір сәтке ұстап тұрмайды. Өз басым Атырауда 15 шақты жыл тұрып мұндайды көрмеппін. Мүмкін байқамаған да шығармын... Бірақ Алматыдағыдай көп емес екеніне сенімдімін. Бұл тек менің және менің кей құрбыларымның ойы. Ал енді басқа да пікірлерді сараптап көрейік.

Көшеде жігіт пен қыз келе жатыр. Жігіт қыздың сөмкесін асынып алған. Мен ауыр пакетті меңзеп тұрған жоқпын. Кәдімгі сіз ойлап тұрған, әйел адамның күнделікті ұстайтын сөмкесі жайлы айтып тұрмын. Осы кездегі үш түрлі қыздың пікірін назарыңызға ұсынамын.

1-қыз: Қандай әдемі көрініс.kiss Не деген сезім, махабат десеңші!  Жігіт қызды қатты жақсы көріп, сыйлайды екен. Менің де осындай жігітім болса екен.innocent

2-қыз: Мына жігіт қазірден «падкаблучник», үйленген соң қандай болады екен?yell Қызының сөмкесін асынып алған түріне қарашы. Намыс қайда? Мен мұндай жігітті жаныма да жолатпас едім. Біртүрлі ерсі ғой.undecided

3-қыз: Маған бәрібір.smile Бірақ барлығына түсіністікпен қарау керек. Мүмкін қыз ауырып тұрған шығар. Бұл өмірде бәрі мүмкін.laughing

3 түрлі пікір... Бірақ бұл өзекті мәселе екенін ұмытпау керек. Қазіргі қоғамда қазақ жігіттері ұсақталып кетті деген пікір жиі айтылады. Мен бұл пікірге қарсымын. Барлық қазақ жігіттері ұсақталып кетпеген.  Алайда жел тұрмаса шөптің басы қозғалмайтыны рас қой. Өзге ұлттың жігіттері көшеде қыздың сөмкесі түгілі өзін көтеріп жүрсе де менің ештеңем кетпейді. Алайда қазақ жігіттері әйеліне деген сүйіспеншілік пен сыйластықты көшеден гөрі үйде көрсеткені дұрыс. Қазақ жігіттері тарихта алып, батыр болып қалған, сіздер де қорқақ, жасқаншақ емес, ержүрек, батыр болып қалыңыздаршы өтінемін.wink

Əсел Болатқызы

Оставить комментарий

Связанные Статьи