Нобельдің бейбітшілік сыйлығы ядролық қаруды жою жөніндегі халықаралық қозғалысқа (Ican) берілді, -деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Нобель комитеті басшысы Берит Рейс-Андерсеннің айтуынша, бұл топ ядролық қаруға тыйым салу үшін бар күш-жігерін жұмсап келеді.
Берит Рейс-Андерсен: «Қазіргі кезде біз ядролық қару бұрынғы замандардан да көбірек қолданылатын жағдайда өмір сүреміз» деді. Ол Солтүстік Корея мәселесін алға тартты.
Оставить комментарий