Алматыда қыздарды Оңтүстік Кореяға секс-құлдыққа тасымалдағандар ұсталды

/uploads/thumbnail/20171006160817524_small.jpg

Бір еркек пен екі әйел жеңгетайлық жасап, қазақстандық қыздарды Оңтүстік Кореяға секс-құлдыққа жіберіп отырған.  

Полиция өызметінің айтуынша, үш адамнан құралған қылмыстық топ қыздарды Алматыдан Оңтүстік Кореяға секс-құлдыққа жіберген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматының Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшылығына сілтеме жасап хабарлайды.

59 жастағы еркек пен 34 және 26 жастағы екі әйел Алматының аэропортында ұсталған. Ұсталғандар жас қыздарды Оңтүстік Кореяда сексуалдық құлдықта  пайдалану мақсатында ұйымдасқан.

Әзірше, департаменттің баспасөз қызметі басқа мәліметтерді тергеу құпиясына кедергі келтірмесін деп жасырын ұстайды.

Бұл жағдай біріңғай реестрдің сотқа дейінгі тергеуінің 394-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес (алдын ала келісіп алған топтардың заңсыз көшіп-қонуы).

Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары өтіп жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи