Мьянма республикасында мұсылман рохинджаларға қарсы геноцид әлі де жалғасуда,— деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Аракан Рохинджалық мұсылман кеңесі хабарлады.
61 үкіметтік емес ұйымның басын біріктірген кеңес жетекшілері Мьянма билігінен Аракан провинциясындағы ислам дінін ұстанатын рохинжда мұсылмандарының құқықтарын қорғауға, олар орналасқан ауылдарды бұзуға жол бермеуге шақырды. Кеңес мәлімдемесі бойынша, Араканға жеткізілуі тиіс гуманитарлық көмек көліктеріне тосқауыл қойылмауын қамтамасыз ету мәселесі де жазылған.
Еске сала кететін болсақ, Мьянмада мұсылман рохинждалар 1970 жылдан бері әртүрлі шабуылдарға ұшырап келеді. Мьянмада тұратын 2 миллион мұсылманның 80%-ы көрші елдерге бас сауғалап кеткен. Қазіргі күнде елде 300 мың мұсылман қалған.
Оставить комментарий